logo

Олимпиадаға қатысатын дзюдошылар Испанияда жаттығуда

Олимпиадаға қатысатын дзюдошылар Испанияда жаттығуда

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазіргі таңда Нұрбол Сүлейменов шәкірттері соңғы дайындықтарын пысықтауда. Содан соң дзюдошылар Францияны бетке алады. 

Еске сала кетейік, дзюдодан Қазақстан командасынан 8 спортшы Олимпиадаға қатысады. 

Олар: Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Абиб Әбужақынова (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).



Күн шежіресі