logo

Танымал дзюдошының халықаралық жарыстарға неліктен қатыса алмай жүргені анықталды

Танымал дзюдошының халықаралық жарыстарға неліктен қатыса алмай жүргені анықталды

Қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбайдың республикалық және халықаралық жарыстарға неліктен қатыспай жүргені анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Атыраулық татами шебері WADA кодексін бұзғаны үшін жазаланып, үш жылға жарыстардан шеттетілген.

2023 жылғы 18 тамызда Загребте өткен әлемдік Гран-при сериясында кипрлік Георгиос Баларжишвилиді жеңіп, қола жүлдеге ие болған ол тыйым салынған препараттарға сараптама тапсырған.  ITA араға бір апта салып Ыстыбайдың ағзасынан «Дростанолон» іздері анықталғанын мәлімдеді. Осылайша, Айболат «банға» кеткен.

Отандық дзюдошының дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 4 қыркүйекте анықталады. Ол кезде спортшының жасы 27-де болады.

Айболат Ыстыбай 1998 жылғы 19 тамызда туған. Мансабындағы басты жетістігі – кадеттер арасында әлем чемпионы (2015 - 50 келі).



Күн шежіресі