logo

Әйелін ұрған қазақстандық дзюдошы екі жылға сотталды

Әйелін ұрған қазақстандық дзюдошы екі жылға сотталды

Әйелін ұрды деген танымал қазақстандық дзюдошы, Атырау облысының Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін оның бұрынғы әйелі 11 жыл бойы соққыға жығып, балаларын да тартып алғанын айтып еді. Алайда шенеунік бұл айыппен келіспей, өзіне жала жабылғанын алға тартқан. Бірақ артынша лауазымды қызметінен өз еркімен кеткен. 

Сот сараптама қорытындысы мен өзге де дәлелдер арқылы экс-әкімнің кінәсі расталғанын мәлімдеді. Осылайша, Ринат Ибрагимовтің екі жылға бас бостандығы шектелді. Бұдан бөлек бұрынғы әйеліне 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Ринат Ибрагимовті көпшілік спортшы ретінде де жақсы біледі. Ол бірнеше жыл дзюдо күресінен ұлттық құрамада өнер көрсетіп, екі рет Олимпиадаға қатысқан, ал соңғы жылдары билік тізгінінде жүр.

Алдымен Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Кейіннен Мақат ауданының әкімі болды.