logo

Нұржан Қатаев: Әлемдік турнирде жолдамалар санын толықтырамыз

Нұржан Қатаев: Әлемдік турнирде жолдамалар санын толықтырамыз

Еркін күрестен Азия чемпионы, қазіргі уақытта Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Нұржан Қатаев Бішкектегі балуандардың күресін толық тамашалап, Sport Plus Qazaqstan тілшісімен ойымен бөлісті:

«Қазақстан командасы өте жақсы дайындықпен келді. Бастапқыда қойған мақсатымызға жеттік. Яғни, екі лицензия қанжығамызда. Жігіттер тактикалық тұрғыда бапкерлердің тапсырамысын толық орындап шықты.

Жалғыз әттең-ай дейтін сәтіміз — 74 келіде Нұрқожа Қайпановтың тактикалық қателіктен жартылай финалда жеңілгені.

Бұл жарысқа жоспарымыз — үш жолдама еді. Дегенмен, күрес болғасын бұндай жағдайлар болады. Ендігі мақсатымыз — әлемдік лицензиялық турнирде Олимпиадаға баратын балуандардың санын толықтыру».

Бішкектегі лицензиялық турнирде Қазақстан еркін күрес балуандары 97 және 125 келі салмақ дәрежелерінде жолдама иеленді. Балуандар үшін Париж Олимпиадасына қатысудың соңғы мүмкіндігі әлемдік турнирде сарапқа салынады. Бұл жарыс 9-12 мамыр Стамбулда өтеді.



Күн шежіресі