logo

Жұлдыз Әшімова: Бапкерлердің тапсырмасын орындай алмадым

Жұлдыз Әшімова: Бапкерлердің тапсырмасын орындай алмадым

Жұлдыз Әшімова 53 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ұтылып, Олимпиада жолдамасын ала алмады. Бішкектегі басты белдесуден кейін балуан Sport Plus Qazaqstan тілшісіне ойын білдірді:

«Бапкерлердің маған айтқаны: қарсыласты қалай да аяққа өткізбеуің керек. Бірақ мен осы тұрғыда қателік жіберіп, қарсыласқа жол бердім.

Биыл Қазақстан чемпионы атандым, оған дейін жаттығуымда үлкен үзіліс болды. Соның да әсері бар деп ойлаймын. Жарыс практикасы да жетіспеген сияқты.

0:2 есебімен ұтылу өте өкінішті, қарсыластың күші де, шамасы да менен асып тұрған жоқ»



Күн шежіресі