Ғаниқызы жолдама жолындағы жарыста жеңіліп қалды
Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде Лаура Ғаниқызы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
50 келі салмақта белдескен Лаура жартылай финалда Азия чемпионатының алты дүркін жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Винеш Винештен ұтылды.
Тәжірибелі үнділік спортшы физикалық күшін жақсы пайдаланып, 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Лаура Ғаниқызы 19 жастағы спортшы. Бапкерлер ел чемпионатындағы жеңісінен соң Лаураға сенім артқан болатын.