logo

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев Бішкекте өткен жарысты қорытындылады

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев Бішкекте өткен жарысты қорытындылады

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Бішкекте күрескен балуандарға баға беді. 

- Мақсат — екі жарыстан екі лицензия алу болды, яғни Азиялық және Әлемдік чемпионаттардан. Минимум біреуін боласада, алу керек болды. Ол 76 келі жекпе-жегінде жоспарланған болатын. Өкінішке орай, Жәмиля бұл жоспарды орындай алмай қалды. Жалпы командаға келетін болсақ: алты салмақта күрестік. 50 келіде күрескен қызды көрдіңіз — ол Лаура Ғаниқызы. Лаура — жас спортшы, өзінің шамасына қарап күресті. Негізі бірінші және екенші айналымдарда жақсы өтті. 53 келіде күрескен Жұлдыздың жеребесі жақсы түскен еді, бірақ Солтүстік Кореяның спортшысының кілтін таба алмады. Ол шамалы сақтанып күресті, негізі барын салып күрессе, әрі қарай өтуге болатын еді. Тәжірибелі Жұлдызға сеніп едім, үмітті ақтай алмады. 57 келіде Эмма Тисина жеребе бойынша Азияның мықты қарсыластарына түсті, бірақ ол да сылтау емес. Өзіңіз көрдіңіз, ол Қытай спортшысына 10:0 есебімен ұтылды. 62 келіде салмақта жас Ирина Кузнецова күресті, ол Азияның мықты қарсыластарына түсті. Ирина жақсы күресіп бастаған еді, бірақ кішкене тактикалық қателіктер жіберді. 68 келіге келетін болсақ, бұл салмақта Елена Шалыгина өнер көрсетті. Мансабында 10 жыл үзіліс жасап жарысқа келіп отыр. Бүгінгі күні осы салмақтағы деңгейіміз осы болып тұр. Шылыгина негізі былтыр 65 келіде күресіп бастаған еді, осы салмақта ел чемпионы болды. 68 келіде де чемпион болды. Шалыгинаның айта кететін бір жағдайы болды: дайындық кезінде оның туған ағысы қайтыс болған еді. Осы тұрғыда психологиялық тұрғыда қиын болды Еленаға. Мұның бәрі сылтау емес, бірақ дайындыққа барлық жағдай әсер етедіғо. Жәмиляға келетін болсақ, дайындығы жақсы болды. Спарринг-қарсыластарыда мықты болды. Тактикалық күресі қойылған. Қытай балуанымен ол екінші рет кездесіп отыр, бірінші рет Әлем кубогы аясында кездескен болатын. Өкінішке орай, ол осындай маңызды жарыста, қарсыласқа есе жіберіп алды. Алдағы уақытта команданы жинап, Стамбулда өтетін лицензиялық жарысқа дайындаймыз, — деді бапкер.  



Күн шежіресі