logo

Нұрбек Қарабала Рафиков – Исмағұлов жекпе-жегі туралы: Егер келісімге келсе, ақпанда өткізуге болады

Нұрбек Қарабала Рафиков – Исмағұлов жекпе-жегі туралы: Егер келісімге келсе, ақпанда өткізуге болады

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала Фаниль Рафиков пен Дамир Исмағұлов арасындағы мүмкін болатын жекпе-жекке қатысты өз пікірін әлеуметтік желіде білдірді, деп хабарлайды Sport+:

«Фаниль Рафиков пен Дамир Исмағұлов арасындағы оқиғаны қызыға бақылап отырмын. Фаниль жекпе-жекке шақырды, ал Дамир жауап берді. Айта кетерлігі, Исмағұлов та, Рафиков та NAIZA-ның бұрынғы чемпиондары. Желтоқсанға бұл жекпе-жекті қою мүмкін емес, өйткені қараша мен желтоқсан айлары басқа жекпе-жектерге толы. Бірақ ақпан ше? Егер екі жауынгер келіссе, мен бұл жекпе-жекті қарастырар едім».