logo

Фаниль Рафиков Хейбатимен жекпе-жек туралы: Екі апта бұрын қолымды сындырып, бірінші раундта жарақатымды ушықтырып алдым

Фаниль Рафиков Хейбатимен жекпе-жек туралы: Екі апта бұрын қолымды сындырып, бірінші раундта жарақатымды ушықтырып алдым

Қазақстандық ММА жауынгері Фаниль Рафиков Sport Plus Qazaqstan сайтына NAIZA 68 турнирі аясында Мухаммед Хайбатиді жеңгені туралы айтып берді.

«Жепке-жек тез өтті. Негізі дайындық жақсы болды, бірақ екі апта бұрын мен қолымды сындырып алдым. Алғашқы соққы кезінде бұл жарақатымды ауыртып алдым. Сол кезде „Егер оның қателігінен ұстап алсам, жекпе-жекті ерте аяқтауға тырысу керек“ деген ой пайда болды. Жарақатқа байланысты жекпе-жекті ерте аяқтауңа мәжбүр болдым. Қылқындыру әдісін пайдаланғанда, менің сау қолым маңызды болды. Дайындық және стердаун кезінде мен оның мойыны жеңішке екенін байқадым. Сонымен қатар, күресу кезінде ол өз мойнын қорғамайды. Негізі 90% жағдайда бұл қылқындыру әдісі өтеді, бұл жолы да Алланың қалауымен бұл әдіс жеңуге көмектесті», — деді Рафиков.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sport Plus Qazaqstan (@spq_news)