logo

«Ақтөбе» ресми түрде бас бапкермен қоштасты

«Ақтөбе» ресми түрде бас бапкермен қоштасты

«Ақтөбе» 57 жастағы украиналық маман Игорь Леоновтың бас бапкер қызметінен кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ақтөбелік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Клуб басшылығы маманның отбасылық жағдайларға байланысты қызметінен кету туралы өтінішін қабылдап, екіжақты келісім бойынша келісімшартты тоқтатты.

Еске салсақ, Игорь Леоновтың басшылығымен «Ақтөбе» 2024 жылы Қазақстан Кубогының иегері атанып, Премьер-лигада қола жүлдеге ие болды.



Күн шежіресі