logo

Микаэль Асқаров: Түркия Суперлигасының көрсетілімі қазақстандық жанкүйерлерге қызық болады

Микаэль Асқаров: Түркия Суперлигасының көрсетілімі қазақстандық жанкүйерлерге қызық болады

Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы, түркиялық «Фенербахче» клубының түлегі Микаэль Асқаров Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы Түркия Суперлигасына деген қызығушылық туралы айтып, қазақстандық футболшылардың Түркия чемпионатына ауысу мүмкіндігін бағалады.

– Биыл Sport Plus Qazaqstan арнасы Түркия Суперлигасын Қазақстанда көрсететін болады. Сіз қалай ойлайсыз, бұл қазақстандық жанкүйерлерге қызықты бола ма?

– Бұл тамаша жаңалық, енді Түркия Суперлигасын Қазақстанда да тамашалауға болады. Қазақстанда тұратын көптеген түріктер үшін бұл қызықты болады деп ойлаймын, сонымен қатар қазақстандық жанкүйерлерге де тартымды болады. Түркия мен Қазақстан арасында бұрыннан достық қарым-қатынас бар. Маған Түркияда қазақстандық ретінде өте жақсы қарады, ал мұнда түріктерге де құрметпен қарайды. Көптеген түріктер Қазақстанға көшіп келіп, осында өмір сүріп жатыр, енді олар Түркия чемпионатын ресми түрде көре алады.

– Қазір Түркияда қазақстандықтардан Айымбетов пен Зайнутдинов өнер көрсетеді. Сіз тағы кімдерді Түркия Суперлигасына ауысуға лайықты деп ойлайсыз?

– Қазақстанда Түркия Суперлигасында ойнауға қабілетті көптеген талантты футболшылар бар. Мен Әлібек Қасым, Эльхан Астанов, Арман Кеңесов және тағы басқаларын атап өтер едім.

Микаэль Асқаровтың «Қайрат», Қазақстан жастар құрамасы, Беларусь футболы және болашақ жоспарлары жайлы толық сұхбатты жақын арада sportplustv.kz сайтында оқуға болады.