«Бешікташ» Зайнутдиновсыз минималды жеңіске жетті
Стамбулда өткен Түркия Суперлигасының алтыншы турындағы матчта жергілікті «Бешікташ» клубы «Эюпспорды» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойын 2:1 есебімен аяқталды. 20-минутта Милот Рашица «Бешікташты» алға шығарса, 64-минутта Эмре Акбаба есепті теңестірді. Ал 90+3 минутта Чиро Иммобиле пенальтиден соққан голымен алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов бұл ойынға «Бешікташтың» құрамына енген жоқ. Биылғы маусымда қазақстандық футболшы әлі бірде-бір матч өткізген жоқ.
«Бешікташ» 13 ұпаймен Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр, ал «Эюпспор» 10 ұпаймен алтыншы орында жайғасты.