Абат Айымбетовтың клубы Түркия Суперлигасында жеңіліске ұшырады
Адана қаласында Түркия Суперлигасының алтыншы турындағы матчта жергілікті «Адана Демирспор» клубы «Аланьяспорды» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойын «Адана Демирспордың» 0:2 есебімен жеңілісімен аяқталды. Бірінші таймда «Аланьяспордың» кореялық шабуылшысы Ви Чо Хван дубль жасап, 4-ші және 17-ші минуттарда гол соқты.
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов бұл ойынға қатысқан жоқ. Биылғы маусымда Айымбетов түрік клубы сапында үш матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ.
«Адана Демирспор» бір ұпаймен Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орында, ал «Аланьяспор» алты ұпаймен 12-ші орында тұр.