Түркия құрамасының бұрынғы футболшысына шабуыл жасалды
Түркия құрамасының экс-футболшысы Серхат Акинға шабуыл жасалып, нәтижесінде оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Акин 2000-2005 жылдар аралығында «Фенербахче» клубында ойнап, стамбұлдық команда сапында 179 матч өткізген. Кейіннен ол Германияның «Кельн» және «Карлсруэ» клубтарында ойнаған, ал 2006 жылы «Андерлехт» құрамында Бельгия чемпионы атанған.
«Фенербахче» клубы шабуыл жасаушыларды айыптап, Серхат Акинға тез сауығып кетуін тіледі.
«Біздің бұрынғы футболшымыз Серхат Акинға жасалған қарулы шабуылды қатаң айыптаймыз. Оған тезірек сауығып кетуін тілейміз және кінәлілердің тезірек жауапқа тартылуын күтеміз», — деп мәлімдеді «Фенербахче» клубы.