Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады
Еркін күрестен Қазақстан Республикасы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға ақтөбелік кәсіпкерлер бір үйір жылқы тарту етті, деп хабарлайды sportplustv.kz.
Жылқы-қазақтың рухы екені баршаға мәлім... Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары «Тақымыңнан тұлпар кетпесін» деп, еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады. Сондай-ақ арнайы тапсырыспен жасалған ер-тоқымды тарту етті, - делінген хабарламада.
Әлем чемпионы Ақтөбеге барып, облыс әкімі және кәсіпкерлермен кездесті.