Мазбаев Ферапонтовтан жеңілген емес. «Ұлытау» — «Қайсар» матчының тікелей эфирі

Мазбаев Ферапонтовтан жеңілген емес. «Ұлытау» — «Қайсар» матчының тікелей эфирі

Көш басында ұзақ уақыт келе жатқан «Ұлытау» «Ордабасыдан» қатарынан екі рет жеңіліп, турнир кестесінде 7-орынға сырғыды. Енді жезқазғандықтарды «Қайсарға» қарсы маңызды кездесу күтіп тұр.

Биылғы маусымда жезқазғандықтар өз алаңында тек бір рет қана жеңіліс тапты. Бұл — жоғарыда аталған «Ордабасымен» өткен матч. Ал екі команданың бас бапкерлері Нұркен Мазбаев пен Андрей Ферапонтовтың өзара кездесулерінде басымдық «Ұлытау» жаттықтырушысы жағында. Мазбаевтың еншісінде екі жеңіс пен екі тең ойын бар.

Дегенмен, қазіргі таңда «Қайсар» да өте қарымды қарсылас саналады. Жазғы трансфер кезеңінде команда құрамын күшейтіп, шабуыл шебінде қажетті баламаға ие болды.

Матч сағат 18:00–де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі