«Қайраттың» легионері тель-авивтік «Маккабиіне» ауысты
Алматының «Қайрат» футбол клубы 29 жастағы израильдік жартылай қорғаушы Дан Глазердің командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының «Қайрат» клубы мен тель-авивтік «Маккаби» клубы израильдік жартылай қорғаушы Дан Глазердің трансфері бойынша келісімге келді.
Дан Глазер «Қайрат» сапына 2025 жылдың басында қосылды. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан чемпионы атанып, елдің Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ сары-қара түстілердің УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына өз үлесін қосты.
«Қайрат» сапында Дан 41 матч өткізді.