«Атырау» тәжірибелі жартылай қорғаушымен қош айтысты
«Атырау» футбол клубы 34 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Александр Нойоктың командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Александр Нойок «Атырау» сапында 74 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Бұған дейін Қазақстанда ол Петропавлдың «Қызылжар» клубында да өнер көрсетіп, 26 матчқа қатысып, 1 голдың авторы атанған.
«Атырау» футбол клубы Александр Нойокпен еңбек шартын тараптардың өзара келісімі негізінде бұзды.