Максим Жалмагамбетов: Грекия - фаворит, бірақ Қазақстанға сенемін
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Максим Жалмагамбетов Грециямен өтетін еліміздің негізгі командасының ойыны жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Менің ойымша, Грецияда біршама мүмкіндік көбірек, себебі олар өз алаңдарында Қазақстанға қарсы ойнайды. Үй иелері үшін жанкүйерлердің қолдауы артықшылық етеді. Әрине, коэффициенттер Грецияның пайдасында, бірақ мен бұл ойында Қазақстанды қолдаймын. Мен өзім 20 жыл бұрын Қазақстан құрамасын үшін Грецияға қарсы ойында дебют жасадым. Жылдар өте көп нәрсе өзгерді. Қазіргі таңда қазақстандықтар біртұтас команда ретінде ойнайды. Біздің артықшылығымыз — біз қайда екенімізді толық түсінеміз, сондай-ақ біз өз мүмкіндіктерімізді қалай пайдалану керектігін білеміз», — деді Жалмагамбетов SDNA-ға берген сұхбатында.
Еске салайық, Грекия мен Қазақстан арасындағы Ұлттар Лигасы аясындағы ойын 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афинада өтеді. Ойынның басталу уақыты сағат 00:45–те жоспарланған.