logo

Асқар Қожабергенов: Грекия құрамасы ойыншыларының клубтардағы ойын практикасы аз

Асқар Қожабергенов: Грекия құрамасы ойыншыларының клубтардағы ойын практикасы аз

Тәжірибелі бапкер Асқар Қожабергенов Sport Plus Qazaqstan телеарнасында қонақта болып, Грекия – Қазақстан ойыны туралы пікір білдірді.

«Менің ойымша Данияның деңгейі Грекиядан неғұрлым жоғары. Мен оларды Словениямен салыстырар едім. Грекия құрамасындағы ойыншылардың көбісі Еуропаның клубтарында ойнайтыны туралы жиі айтамыз, бірақ статистика жағынан қарайтын болсақ, футболшылардың арасында әрдайым ойын практикасын барлары – Константинос Мавропанас (ағылшындық «Вест Хэм» - автор) және «АЗ Алкмаар» командасындағы Вангелис Павлидис. Цимикасты айтатын болсақ, ол «Ливерпульде» жарақатына байланысты ойнамады. Сонымен қатар «Ливерпульде» Робинсон әрдайым ойнайды. Сондықтанда қарсылас құрамындағы ойыншылардың клубтарындағы ойын практикасы аз. Түркмендермен болған ойын Адиев үшін ақпарат алу жағынан қажетті болды, бірақ бір өкініштісі бұл ойынға Зайнутдинов қатыса алмады», - деді қазақстандық бапкер.



Күн шежіресі