Қазақстан футболының ардагері Михаил Гурман Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының жетістігінің негізгі сырын атады:
«Қазақстан құрамасында бәсекелестік пайда болды, сондықтан Адиевке жұмыс істеу бұрынғыдан жеңіл болды. Қазір әр позицияға 2-3 үміткер бар. Адиевтің зор еңбегі бар, құрама оның кезінде бұрын ешкім жете алмаған жеңістерге жетті. Ал құрамаға қазір жасалған жағдайлар плюс болып табылады. Елде қазір футбол бумы болып жатыр, дегенімен жағдай жасау керек, біз бұл тақырыпты Қазақстан Президентімен кездескенде көтердік».