logo

Михаил Гурман Грекия құрамасының басты мотивациясын атады

Михаил Гурман Грекия құрамасының басты мотивациясын атады

Қазақстан футболының ардагері Михаил Гурман Sport Plus Qazaqstan берген сұхбатында Грекия құрамасының Қазақстанмен ойындағы негізгі мотивациясын атады:

«Грекия соңғы 10 жыл ішінде ірі турнирлерге қатысқан жоқ. Олар үшін Еуроға шығу – өте үлкен мотивация. Оларда мықты команда, Англияда, Испанияда, Германияда ойнайтын көптеген футболшылар бар. Қазір грек футболының көтеріліп жатыр, және бізге өте қиын болады. Егер біздің іріктеу тобымыздағы қарсыластарымызбен салыстырсақ, қазіргі Грекия құрамасы Данияға жақын. Бірақ оларды жеңу біз үшін үлкен мәртебе болады».



Күн шежіресі