Дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды
Франция астанасы Парижде бүгін жалауын көтеретін дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандардың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
2-4 ақпан аралығында өтетін байрақты бәсекеде Олимпиада ұпайлары сарапқа салынады. Жарысқа әлемнің 110 елінен 661 спортшы қатысады.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша жарыс жеңімпаздары – 1000, финалистер – 700, қола жүлдегерлер – 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Қазақстандық балуандардың алғашқы айналымдағы қарсыластары:
60 келі: Нұрқанат Серікбаев - Достон Рузиев (Өзбекстан), Елдос Сметов - Адель Хамада (Египет)
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев - Крист Мупата (Конго Демократиялық Республикасы), Есет Қуанов - Уиллис Гарсия (Венесуэла)
73 келі: Асқар Нарқұлов - Кипраниус Андреу (Кипр), Данияр Шамшаев - Хосе Антонио Аранда Олалла (Испания)
81 келі: Абылайхан Жұбаназар - Томас Моралес (Аргентина), Руслан Мусинов - Мұса Сабыров (Өзбекстан)
90 келі: Айдар Арапов - Кевин Будаин (Камерун), Ермахан Әнуарбеков - Егор Воропаев (Ресей)
100 келі: Нұрлыхан Шархан - Натан Киив, Бекзат Шағатаев - Бразилия/Түркменстан жұбының жеңімпазы
100 келі: Ғалымжан Қырықбай - Тедди Ринер, Ерасыл Қажыбаев - Джозеф Терхек.