logo

Париждегі Grand Slam: Нұрқанат Серікбаев бірінші кезеңде өзбек балуанынан ұтылды

Париждегі Grand Slam: Нұрқанат Серікбаев бірінші кезеңде өзбек балуанынан ұтылды

Парижде басталған Grand Slam турнирінде қазақ дзюдошысы Нұрқанат Серікбаев бірінші айналымда жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

60 келі салмақта бақ сынайтын Нұрқанат алғашқы кезеңде өзбек балуаны Достон Рузиевпен белдескен болатын. 

Қарсыластар кездесудің негізгі уақытында ұпай алған жоқ. Ал қосымша уақытта ескерту Серікбаев ескерту санының көптігінен жеңіліп, жарысты аяқтады. 

Осы салмақта бақ сынайтын Елдос Сметов екінші кезеңде Оңтүстік Корея өкілі, танымал балуан Ли Хариммен күш сынасады.

 



Күн шежіресі