Магомед Адиев мансабын Ресейде жалғастырады
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жақын арадағы аралық маусымда «Ахмат» клубын басқарады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Серый CARDINAL» телеграм-арнасында Адиев аралық маусымда ресейлік клубты басқаратыны туралы ақпарат жарияланды.
Қазіргі уақытта «Ахматты» Мирослав Ромащенко басқаруда. Клуб қазіргі РПЛ маусымында 12 орында жайғасып тұр.