logo

Магомед Адиев құрамадағы болашағы жайлы: Люксембургпен ойыннан кейін федерациямен талқылаймыз

Магомед Адиев құрамадағы болашағы жайлы: Люксембургпен ойыннан кейін федерациямен талқылаймыз

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев құрамадағы болашағына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Мен киім ауыстыратын бөлмеде айттым, гештальт жабылды. Мен балаларға цикл үшін алғыс айттым, біз үлкен жолдан өттік, олар мен үшін көп нәрсе жасады. Қазір цикл аяқталған сәт. Мен Еуроға дейін жұмыс істейтінімді айттым, ешқайда кетпедім. Адамдарға, командаға, федерацияға берген уәдемді орындадым. Енді біз отырып, мен дайынмын ба, Федерация жаңа циклге көшуге дайын ба, сол туралы ойлауымыз керек. Мен ешбір жағдайда Әділет Барменқұловпен келіссөздер жүргізбей қорытынды шешім қабылдамаймын. Бұл адам мен үшін тым көп жақсылық жасады, мені тағайындаған сәтте барлық сыннан өтті. Мен бұл адамға үлкен құрметпен қараймын, ол әрқашан менің артымда қалқан болды. Енді бізде қиын әңгіме болады, менің орын алған жағдайға көзқарасым бар. Біз 26 наурызда жақсы өнер көрсетуіміз керек, барынша жақсы ойнау қажет, себебі намысты қолдан бермеу маңызды, ал құрамадағы болашаққа қатысты әңгіме содан кейін орын алады».