Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кете ме?
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауыспайды. Оның жұмыс істейтініне сенімдіміз. Оған қатысты (Магомед Адиевпен) келісімшарт 2025 жылы бітеді, - деді Е.Маржықпаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті орнынан алу туралы ұсыныс айтылды. Депутаттар алдында елдегі спорт пен туризмнің даму барысы туралы есеп берген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа футболдың төңірегінде сұрақ қойылды.
Футбол жанкүйері ретінде өтінішім бар. Ұлттық құрамадағы бас бапкерімізге көз тиген бе, бірдеңе. «Ахмат» ойнаса да жеті гол кіргізеді, бізде ойнаса да бес гол кіргізеді. Осы кісінің біліктілігі жайлы мәселе көтеріп, ауыстыру керек сияқты, - деді Мәжіліс депутаты Ринат Заитов.