Ламин Ямаль кәсіби мансабындағы 100-ші матчын өткізді

Ла Лиганың 24-турында «Барселона» «Райо Вальеканоны» 1:0 есебімен жеңді, ал Ламин Ямаль кәсіби деңгейдегі 100-ші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport+.
17 жастағы вингер «Барселона» сапында 83 матч, ал Испания құрамасында 17 матч өткізген. Жалпы, оның еншісінде 21 гол және 28 нәтижелі пас бар.
Биылғы маусымда Ямаль 31 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 15 ассист жасады. Оның «Барселонамен» келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды, ал нарықтық құны €180 млн деп бағалануда.