Финалда «класико» бола ма? Испания кубогының жартылай финалдарының жеребесі тартылды

Испанияда 2024-25 жылғы Испания кубогының жартылай финалдық матчтарына жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Жеребе нәтижесінде бірінші жартылай финалда «Барселона» мен «Атлетико Мадрид» кездеседі, ал екінші жұпта «Реал Сосьедад» мадридтік «Реалға» қарсы ойнайды.
Бірінші жартылай финалдық ойындар 25-27 ақпан аралығында өтеді, ал жауапты кездесулер 1-3 сәуірде болады.
Еске сала кетейік, Испания кубогының матчтарын Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көруге болады.