«Барселонаның» 2025 жылғы басты трансферлік мақсаты белгілі болды

El Chiringuito TV дерегіне сүйенсек, «Барселонаның» 2025 жылдың жазғы трансферлік кезеңіндегі басты нысанасы – «Ньюкасл» шабуылшысы Александр Исак, деп хабарлайды Sport+.
Каталондық клуб швед шабуылшысына үлкен қызығушылық танытып отыр. Исак биылғы маусымда Англия премьер-лигасында керемет ойын көрсетіп, 28 матчта 19 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Алайда «Ньюкасл» 150 миллион еуродан төмен бағаға ойыншысын сатуға ниетті емес. Сонымен қатар, клуб «Барселонамен» арнайы шарт ұсынған – «сорокалар» Исакты тек Рафиньяны айырбасқа алған жағдайда ғана жіберуге дайын, деп жазады «Пульс спорта».