Нұралы Әліпке бірнеше еуропалық клуб қызығушылық танытып отыр
«Зенит» (Санкт-Петербург) қорғаушысы Нұралы Әліп бірнеше еуропалық клубтың назарына ілікті. «Кафешка» арнасының мәліметінше, соңғы уақытта Франция, Италия және Испаниядан үш клуб футболшы туралы ақпарат жинай бастаған, деп хабарлайды Sport+.
«Біраз уақыт бұрын үш еуропалық клуб Нұралы Әліп туралы ақпарат жинауға кірісті — әзірге скауттық есепке тапсырыс беру және басқа да дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл клубтар Франция, Италия және Испаниядан. Оның бірінде тіпті Ресей құрамасының ойыншысы да бар. «Манчестер Юнайтед» бұл тізімде жоқ — бірақ олар бұрыннан-ақ қажетті ақпаратты жинап қойған. Абдукодирдің «Сити»-ге қомақта ақшаға жасалған трансфері барлығына ұнаған сияқты», — деп жазады «Кафешка» арнасы.