«Лацио» клубының түлегі қазақстандық клубқа ауысты
«Атырау» футбол клубы 30 жастағы хорватиялық қорғаушы Франьо Прцемен келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Франьо Прце кәсіби мансабын Хорватияның «Хайдук» (Сплит) және Италияның «Лацио» клубтарында бастаған. Ол сондай-ақ Кипрдің «Омония», Украинаның «Карпаты», Хорватияның «Вараждин» мен «Славен», Словенияның «Копер», Болгарияның «Спартак» (Варна) және Румынияның «Петролул» клубтарында өнер көрсеткен.
Бұған дейін Франьо Прце Қазақстанда «Оқжетпес» клубының намысын қорғады. Көкшетаулық команда сапында ол Қазақстан Премьер-лигасында 14 матч өткізді.