«Қызылжар» жаңа бас бапкерді таныстырды

«Қызылжар» жаңа бас бапкерді таныстырды

Беларусьтік маман Виталий Жуковский ресми түрде петропавлдық «Қызылжар» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виталий Леонидович бапкерлік мансабында БАТЭ клубымен Беларусь кубогын жеңіп алып, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Қазақстандық жанкүйерлер оны «Атырау» және «Тұран» клубтарындағы жұмысы арқылы жақсы таниды.

Бас бапкермен бірге командаға бапкердің көмекшісі Павел Плют, дене дайындығына жауапты маман Андрей Мисюк және бапкер-талдаушы Біржан Хабит қосылды.



Күн шежіресі