Күрестен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы белгілі
Қырғызстан астанасы Бішкекте 11-16 сәуір аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтеді. Бапкерлік кеңес біріншілікке қатысатын балуандарды іріктеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Азия чемпионатынан соң Бішкекте аймақтық лицензиялық турнирі өтеді, сондықтан олимпиадалық салмақ дәрежелеріндегі бірінші нөмірлі спортшылар жолдама жарысына қатысады. Күрес түрлерінде әзірше тек екі лицензия бар: грек-рим күресінен 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов, еркін күресте 86 келіде Азамат Дәулетбеков еншілеген еді. Ал, Азия чемпионатына биылғы Қазақстан біріншілігінде жүлдеді орын алаған, олимпиадалық емес салмақтарда ел чемпионы атанған балуандар қатысатын болды.
Грек-рим күресі. 55 кг. Нұрзат Қабдырахимов 60 кг. Ғалым Қабдунасыров 63 кг. Ержет Жарылқасов 67 кг. Алматбек Аманбек 72 кг. Николай Хапко 77 кг. Ибрагим Магомадов 82 кг. Евгений Поливадов 87 кг. Нұрсұлтан Тұрсынов 97 кг. Иусуф Мациев 130 кг. Мансур Шадукаев
Еркін күрес. 57 кг. Мейрамбек Қартбай 61 кг. Асыл Айтақын 65 кг. Санжар Мұхтар 70 кг. Мейіржан Әшіров 74 кг. Сырбаз Талғат 79 кг. Азамат Өміржанов 86 кг. Азамат Дәулетбеков 92 кг. Әділет Давлумбаев 97 кг. Ризабек Айтмұхан 125 кг. Абылай Совет
Әйелдер күресі. 50 кг. Ирина Жәнібекова 53 кг. Аяжан Маркашева 55 кг. Зульфия Яхьярова 57 кг.- Лаура Алмағанбетова 59 кг. - Диана Каюмова 62 кг. Тыныс Дубек 65 кг. Ирина Казюлина 68 кг. Мадина Бақбергенова 72 кг. Анастасия Панасович 76 кг. Елмира Сыздықова