logo

Спорт министрлігі боксшылар мен күресшілердің ақысын салыстырды

Спорт министрлігі боксшылар мен күресшілердің ақысын салыстырды

Туризм және спорт министрлігінің кеңесшісі Диас Ахметшарип Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында бокс чемпиондарының жоғары гонорарларын және салыстырмалы түрде төмен гонорар алған Ризабек Айтмұханның жағдайын түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ташкентте өткен әлем чемпионатында Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) үлкен жүлде қорын ұсынды. Чемпиондар әрқайсысы 200 мың доллар алды. Ешге оралғаннан кейін біздің чемпиондар мен жүлдегерлер КБФ президенті Кенес Ракишевтен жеке ақшалай сыйақы алды. Алтын, күміс және қола үшін сәйкесінше 100, 50 және 30 мың доллар көлемінде сыйақы табысталды. Сондай-ақ, чемпиондар мемлекеттен 15 мың доллар алды. Ризабек Айтмұханның жағдайына келетін болсақ, ол да мемлекеттен 15 мың доллар алды. Айта кету керек, Халықаралық күрес федерациясы (UWW) боксшыларға қарағанда сыйақы қорын ұсынбайды. Алайда Қазақстанға қайтқаннан кейін Ризабек күрес федерациясының атынан Астанадағы үш бөлмелі пәтердің кілтін алды».



Күн шежіресі