logo

Азия чемпионатында 12 сәуірде қазақстандық бес балуан сайысқа түседі

Азия чемпионатында 12 сәуірде қазақстандық бес балуан сайысқа түседі

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін, 12 сәуірде ел құрамасынан бес балуан боз кілемге шығады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екінші жарыс күнінде қазақстандық Асыл Айтақын (61 келі) иорданиялық Абурумаймен кездессе, Талғат Сырбаз (74 келі) бен жапониялық Такахаши шеберлік байқасады. 

Ал 86 келі салмақта Азамат Дәулетбеков Вази Хенг (Камбоджа) пен Вафаейпур (Иран) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Одан кейін Әділет Давлумбаев (92 келі) боз кілемге шықса, Абылай Совет (125 келі) бахрейндік Шариповпен жарысқа түседі.