Кукушкин Шевченкодан Қытайдағы қазақстандық дербиде басым түсті
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы хард турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Екінші айналымда Шевченко қазақстандық Михаил Кукушкинге екі сетте 4:6, 6:7 (3:7) есебімен жеңілді. Ойын 1 сағат 45 минутқа созылды.
Кукушкиннің Ханчжоу турнирінің ширек финалындағы қарсыласы қытайлық Бу Юньчаокэтэ болмақ.