Шевченко АТР 250 турнирінді сенімді жеңіспен бастады
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирінде алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шевченконың алғашқы қарсыласы аргентиналық Марко Трунгельити болды. Матч есебі 6:1, 6:1 болып, қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Александрдың келесі қарсыласы отандасы Михаил Кукушкин болмақ.