logo

Михаил Кукушкин Қытайдағы ATP турнирінің бірінші айналымын сәтті бастады

Михаил Кукушкин Қытайдағы ATP турнирінің бірінші айналымын сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші ойында қазақстандықтың қарсыласы әлемдік рейтингтің 41-нөмірі, италиялық Лучано Дардери болды. Кукушкин екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда Михаил қазақстандық Александр Шевченко мен аргентиналық Марко Трунгеллити арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.



Күн шежіресі