logo

Жұқаев Дэвис кубогынан кейін Чэндудегі турнирді жеңіспен бастады

Жұқаев Дэвис кубогынан кейін Чэндудегі турнирді жеңіспен бастады

Бейбіт Жұқаев Дэвис кубогындағы дебютынан кейін Қытайдың Чэнду қаласына барып, ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңін бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Іріктеу жартылай финалында 23 жасар Жұқаев испандық Алехандро Моро Каньясты 7:6, 6:4 есебімен жеңді.

Финалда ол аргентиналық Агустин Гомеспен кездеседі.