logo

Кукушкин мен Шевченко Қытайдағы ATP турнирінде бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

Кукушкин мен Шевченко Қытайдағы ATP турнирінде бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Александр Шевченко Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ATP турнирінің жеребе тарту нәтижелері бойынша екінші айналымда бір-біріне қарсылас болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жеребе бойынша Шевченко бірінші айналымды өткізіп жіберіп, турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы дәл Кукушкин мен италиялық Лучано Дардери арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Егер Кукушкин Дардериді жеңсе, екінші айналымда Шевченкомен кездеседі.

Шевченко ATP рейтингінде 58-орында, ал Кукушкин 112-орында тұр. Ханчжоудағы турнир 18 қыркүйек күні басталады.



Күн шежіресі