Көшбасшылардың ізімен. «Оқжетпес» – «Тобыл» матчы тікелей эфирде

Қазақстан чемпионатының үш турынан кейін көш басында үш команда — «Қайрат», «Астана» және «Ақтөбе». Ал оларды өкшелеп келе жатқан топты «Тобыл» бастап тұр.
Қостанайлықтар соңғы турда өз алаңында «Елімаймен» тең ойнады — 1:1. Бұл матчта олар соңғы минуттағы даулы пенальтиден кейін жеңістен айырылып, негізгі қорғаушысы Миладиновичтен де айырылды — ол қызыл қағаз алды.
Қазіргі уақытта «Тобылдың» қоржынында 5 ұпай және 3 соғылған гол бар, оның екеуін Николай Сигневич еншілеген.
«Оқжетпес» те өткен турда тең нәтиже тіркеді — олар 0:2 есебімен ұтылып жатып, «Қайсармен» 2:2 ойнады. Гол авторлары — Дамир Марат пен Страхиня Йованович. Дамир үшін бұл — маусымдағы екінші гол.
Қарсыласуға дейін кокшетаулықтардың еншісінде 4 ұпай бар.
Айта кетейік, «Тобыл» «Оқжетпеспен» өткен соңғы 9 ойында қатарынан жеңіске жеткен. «Синегорлықтар» қостанайлықтарды соңғы рет 2017 жылы жеңген болатын — 1:0, сол ойында жеңіс добын Лукас Хорват соққан.
Кезекті кездесу 5 сәуір күні Көкшетауда өтеді.
Басталуы: 15:00
Тікелей эфир: Sport+ телеарнасы, sportplustv.kz және YouTube sportplus_qaz