«Реймс» Франция Кубогының финалына шықты (видео)

Франция Кубогының жартылай финалында Лиганың 2-ші дивизионының өкілі «Канн» мен Лига 1 өкілі «Реймс» кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Жеңіс жоғары дивизионның өкіліне 2:1 есебімен бұйырды.
Жеңімпаздар құрамынан голдарды Хафиз Ибрахим мен Тедди Теума соқты. Ал «Канн» сапында Шейх Ндойе гол соқты.
Осылайша, «Реймс» кубоктың финалында ПСЖ-мен кездеседі.