logo

«Классик» Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

«Классик» Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақта қытайлық Руи Люмен қола медальді сарапқа салды.

Алғашқы үшминуттықта Қытай балуаны 1:0 есебімен басым түсті. Дегенмен белдесудің екінші бөлігінде Ибрагим Магомадов басымдық танытып, 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) Азия чемпионы атанған болатын.



Күн шежіресі