Қазақстан құрамасы күрестен Беларусьтегі турнирде 14 медаль жеңіп алды
Минскіде (Беларусь) Александр Медведьті еске алуға арналған халықаралық Гран-при турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған додада Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды.
Еркін күрестен Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақта алтыннан алқа тақты.
Нұрлан Өтегенов (79 келіге дейін) және Дәулет Ергеш (86 келіге дейін) күміс медаль алды. Ал Мейіржан Аширов (74 келіге дейін), Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Ади Серікұлы (65 келіге дейін), Начын Куулар (70 келіге дейін), Санжар Досжанов (74 келіге дейін), Нұркерім Ернияз және Бейбарыс Қасымбек (92 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.
Сондай-ақ ұлттық құрама әйелдер арасындағы бәсекеде екі күміс және екі қола медальға ие болды. Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) екінші орын алды. 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ирина Казюлина және Елена Шалыгина үздік үштікті түйіндеді.