Зейнеп Баянова мен Лаура Альмаганбетова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды
Тиранада (Албания) өтіп жатқан «Мухамет Мало» рейтингтік күрес турнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны әйелдер күресінен екі алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Sport+.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зейнеп Баянова финалда үндістандық Приянчи Пражаратты 13:2 есебімен жеңіп, беделді турнирдің чемпионы атанды.
Қазақстанға екінші «алтынды» Лаура Алмағанбетова (55 кг) сыйлады. Шешуші белдесуде ол украиналық Лилия Маланчукты 3:2 есебімен ұтты.
Айта кетейік, бұған дейін турнирде еркін күрес шеберлері — Болат Сақаев (86 кг), Азамат Дәулетбеков (92 кг) және Ризабек Айтмұхан (97 кг) қола жүлдегер атанған болатын.
Тиранадағы халықаралық турнир 1 наурызда аяқталады.