logo

Кенжебаева мен Жиенбаева Астанадағы жарыстың 1/8 финалына шықты

Кенжебаева мен Жиенбаева Астанадағы жарыстың 1/8 финалына шықты

Қазақстандықтар Сандуғаш Кенжебаева мен Соня Жиенбаева Астанада өтіп жатқан ITF W35 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дүниежүзілік рейтингіде 1013-орында тұрған С. Кенжебаева бастапқы кездесуін әлемнің 419-ракеткасы, ресейлік Екатерина Маклаковамен өткізді.

Бірінші партияны Сандуғаш 6:4 есебімен өз пайдасына шешті. Екіншісінде тай-брейкте Маклакова сәтті ойнады — 7:6 (7:0).

Үшінші, шешуші сетте Кенжебаева жеңісті жұлып алды — 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 53 минутқа созылды. 

Әлемнің 866-ракеткасы Соня Жиенбаева отандасы Анастасия Крымковадан айласын асырды — 6:3, 6:3. 

Басқа қазақстандық теннисшілер алғашқы айналымнан аса алмады. С. Кенжебаева ширек финалға шығу үшін рейтингіде 1268-сатыдағы әзербайжандық Мишель Джачангировамен сынға түседі.

С.Жиенбаеваның келесі қарсыласы — әлемнің 349-ракеткасы, оңтүстіккореялық Да Ён Бэк.



Күн шежіресі