logo

18 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің бірінші ракеткасын жеңді

18 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық, 18 жастағы Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дүниежүзілік рейтингіде 1246-орында тұрған жас теннисші алдымен әлемнің 896-ракеткасы, болгариялық Дия Евтимовадан 6:4, 6:1 есебімен айласын асырды.

Жиенбаева бүгін екінші айналымда әлемнің – 524, осы жарыстың 1-ракеткасы, 18 жастағы ресейлік Александра Шубладземен кездесуде сенсация жасады. Соня Шубладзені 6:3, 7:5 есебімен жарыс жолынан тайдырды. 

Енді Соня жартылай финалға өту үшін рейтингіде 1001-сатыдағы аустриялық Мавие Остерейхермен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың жұптық сында Мексикадағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Анна Данилина Қазақстан – Жапония матчын бастайды.

Сонымен қатар Қазақстан – Жапония текетіресінде Зарина Диястың неге ойнамайтыны белгілі болды.