Соня Жиенбаева Australian Open турнирінен ұшып кетті
17 жасар теннисші Соня Жиенбаева 2024 жылғы Australia Open алғашқы іріктеу ойынында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жиенбаева іріктеу кезеңінде австралиялық Алана Субашичке қарсы ойнады.
Бірінші сет 6:3 есебімен Субашичтің пайдасына аяқталса, екінші сетті қазақстандық ойыншы сенімді түрде жеңді – 6:1. Шешуші ойында алаң иесі мықтырақ болып шықты – 6:4, ал Жиенбаева жекелей санаттан шығып кетті.
Жиенбаева 2024 жылдан бері Қазақстанның атынан жарысқа қатысып келеді. Ол бұрын Германияның атынан шыққан болатын. Соня Алматыда дүниеге келген, бірақ бала кезінде отбасымен бірге Германияға көшіп кеткен.
Australian Open 14 қаңтар күні басталды. Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Каролина Плискованы ұтып, негізгі кезеңнің екінші айналымына шықты.