«Каспий» Қазақстан жастар құрамасының ойыншысымен қоштасты

«Каспий» Қазақстан жастар құрамасының ойыншысымен қоштасты

Ақтаудың «Каспий» клубы 21 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Давид Есімбековпен қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Давид Есімбеков — «Жетісу» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2021 жылы талдықорғандық клубтың Екінші лигада өнер көрсеткен жастар құрамында бастады.

Биылғы маусымда Есімбеков «Каспий» сапында 15 матчқа қатысқанымен, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алған жоқ.